11 наурыз 2022 | 10:40

Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы жабылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/aktobe_airport_official Фото:instagram.com/aktobe_airport_official

17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ақтөбе әуежайындағы ҰҚЖ жағдайын тексеруді тапсырған болатын. 9 наурызда тексеру орнына Ақтөбе облысы әкімдігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының, сондай-ақ Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпанияларының өкілдері шықты.

"Жалпы ұшу-қонау алаңының жағдайы орташа деңгейде. Ал Әуе әкімшілігі ұшу-қону жолағының кейбір бөлігі жарамсыз екенін айтты. Аз уақыттың ішінде бұру, басқару аумағына жөндеу жүргізілуі керек. Белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ ұшу бөлігінде басымдылық ескерілген. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі биылғы жылдың 17 наурызынан бастап Ақтөбе аэродромының ұшу-қону жолағын бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімдігі аэродром тақтайшаларын ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын тез арада қаржыландыруға дайын екені атап өтілді.

"Ақтөбеге арнайы комиссияның келгені белгілі. Азаматтық авиация комитеті, Әуе әкімшілігінің өкілдерімен бірге өзім де ұшу-қону жолағын қарап шықтым. Жалпы, ұшу-қонау алаңының жағдайы орташа деңгейде. Ал Әуе әкімшілігі ұшу-қону жолағының кейбір бөлігі жарамсыз екенін айтты. Аз уақыттың ішінде бұру, басқару аумағына жөндеу жүргізілуі керек. Әуекомпанияларының өкілдері жалпы ұшу алаңының қалыпты жағдайда екенін айтып отыр. Әзірге ұшу-қонуды жалғастыра береміз. Дегенмен біз жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды екенін түсінеміз. Аз уақыттың ішінде жөндеуіміз керек. Ауа райы қалыпқа түскен кезде шамамен екі аптаға әуежайды жауып, жөндеу жүргіземіз. Алдағы уақытта бұл туралы қосымша хабарлаймыз", - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Ақтөбе әуежайы бес бағытқа (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістанға) аптасына 52 ішкі жолаушылар рейсін, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына (Ыстамбул, Тбилиси, Қазан және Нөкіс) аптасына тоғыз рейсті орындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети