Ақтөбедегі "Кәусар бұлақ" балабақшасының тәрбиешісі балаларды үнемі қорқытқаны үшін жұмыстан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбедегі "Кәусар бұлақ" балабақшасының тәрбиешісі балаларды үнемі қорқытқаны үшін жұмыстан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше қызметтік комиссия құрылды. Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді, оған балабақша басшылығы мен тәрбиешілері қатысты. Қызметтік тергеу барысында дерек расталған жоқ, бірақ тәрбиеші Гүлнұр Қойшығаринаның балаларды тыныштандыру үшін ауыздарын скотчпен жапсырып қоямын деп қорқытқаны анықталды", - деді телефон арқылы Ақтөбе білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.
Оразбаеваның айтуынша, тәрбиешінің бұл қылығы педагогикалық этиканы бұзу болып есептеледі және оның қызметіне сай келмейді. Сондықтан ол жұмыстан қуылуы мүмкін. Айта кетейік, басшылыққа мұндай деректі уақытында хабарламағаны үшін балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін балабақша меңгерушісі Светлана Қосыбаева таяуда тәрбиеленуші балалардың бірінің анасы шағымданып, видео көрсеткенін айтты, онда балалар хормен тәрбиешіге скотчтың не үшін керегін түсіріп тұр. Кейін ол шағым орта топтағы балалардың тәрбиешісі Гүлнұр Қойшығаринаның үстінен түсті, тап сол әйел үш жасар балалардың аузына скотч жапсыру тәсілін қолданады делінді. Әйел балабақшада 2013 жылдан бері жұмыс істейді, бұған дейін Ойыл ауданында қызмет еткен. Балабақша басшының айтуынша, бұған дейін оның үстінен ешкім шағымданбаған, ал айтылған жағдайды ол жоққа шығарды.