Ақтөбедегі ауруханаға 3 лаңкес түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Родниковка ауылының маңында атыс болған.
Ақтөбедегі ауруханаға 3 лаңкес түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Родниковка ауылының маңында атыс болған.
ЖМКА бас дәрігері Рақымжан Арыстанның мәліметінше, келіп түскен үш лаңкестің біреуі ота жасалып жатқан кезде қайтыс болған.
"Иә, бүгін үшеуі түсті. Үш лаңкес түсті. Екеуі емделді, біреуі ота кезінде қайтыс болды, біреуіне медициналық көмек көрсетіліп жатыр (...). Иә, айналада күзет қойылған бізде жатқан адамдарды күзетіп жатыр, олардың қолы кісендеулі. Барлық жақта күзет тұр, жансақтау бөлімінде, жарақат бөлімінде, қабылдау бөлімінде. Жұмыс жүріп жатыр. Олар қала маңындағы Родниковка блогпостынан келді. Сол жақта атыс болған. Сол жаққа лаңкестерді қуып барған. Сол жақтан бізге жеткізіп жатыр", - деді бас дәрігер.
Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.
Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.