05 мамыр 2016 | 16:01

Ақтөбе мен Атырау облыстарында малдың жаппай қырылуының алдын-ала себептері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе мен Атырау облыстарында малдың жаппай қырылуының алдын-ала себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе мен Атырау облыстарында малдың жаппай қырылуының алдын-ала себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қобда ауданындағы Әлия ауылынан шұғыл хабар келіп түсті. Пастереллез және листерелез ауруларының белгілері бар болуы мүмкін 13 бас ірі қара мал анықталды. Оқиға ошақтарына барып, Ұлттық референт орталығына зертханалық зерттеулер үшін материал алынды. Алынған материал қатар зерттеліп жатыр және Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институтына жіберілді, сонымен қатар, халықаралық эпидемиялық бюроға референт зертханасының диагнозын растау мақсатында жіберілді. Бұл ошақта пастереллез және листерелез ауруларын анықтау мақсатында шаралар жүріп жатыр. Шектеулерді енгізу туралы шешім - жергілікті атқарушы органдардың құзыры", - деп хабарлады баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов. 

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылында белгісіз ауру 10 күн ішінде 160 малға жұқты. Ауруды жұқтырған малдың дене температурасы көтеріліп, аузынан ақ көбік ағады. Дене қызуы жоғары болғандықтан, малдың мүйіздері сынып, тұяқтары да босап қалған. Екі күн ішінде 300 бас мал сойылған. Мамандардың айтуынша, олардың еті жарамды. Сиыр еті келісіне 900 теңгеден сатып алынған. Әзірше малға қандай аурудың жұққаны белгісіз. Ауылдықтар болса аусыл ауруы жұғуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал мал дәрігерлері малға пастереллез жұққан деген ойда.

"Атырау облысындағы Махамбет ауданының Алға ауылындағы аймақтық инспекциясынан пастереллез ауруымен 39 ірі қара мал ауырған деген болжам жетті, олардың 11-і өлген. Бүгінде ҚР ветеринария жөніндегі ұлттық референт орталығы диагноз қойды. Сараптамаға сәйкес, шаралар жүргізіліп жатыр, малды пастереллез ауруына қарсы егу басталды. Алға ауылдық округінің әкімінің шешімімен пастереллез бойынша шектеу қойылды. Жағдай бақылауға алынды", - деді Қабдолданов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети