Ақтөбе мен облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе мен облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді? Фото ©REUTERS

Қазақстандық әкімдер қандай көлікпен жүреді және жаяу жүре ме? Бұл туралы "Диапазон" басылымының материалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әкімдер қандай көлікпен жүреді және жаяу жүре ме? Бұл туралы "Диапазон" басылымының материалында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен аптада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қалаларды абаттандыруға көңіл бөлуге шақырды.

"Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты "Диапазон" тілшілері әкімдер жаяу жүре ме, өздерінен сұрап көрді. Ақтөбе әкімі Мұрат Журебековтің қызметтік көлігі - Kia Quoris, 2014 жылғы.

"Көлікті қолданамын. Бұл ретте жұмыс күндері де, демалыс күндері де көшелерде, тұрғын үйлер, аулаларда жаяу жүремін", – дейді Мұрат Жүребеков.

Ал Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметтік көлігі - Lexus, 2012 жылы шығарылғанын айтты.

"Аудан, ауылдарға жаяу бара алмаймын. Өздеріңіз түсінесіздер, арақашықтық аз емес. Қалада барлық жерде нысандарға жаяу баруға мүмкіндік болмайды. Менің ойымша, жаяу жүреміз деген көрініс жасау ешкімге қажет емес. Объектив түрде көлікпен бару керек жерге - көлікпен барамыз. Қай жерде жаяу жүруге болады, әрине, жаяу жүреміз", - деді Ералы Тоғжанов.

diapazon.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети