11 желтоқсан 2023 | 17:21

Ақтөбе облысы 2023 жылдың соңына дейін рекордтық 1,1 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру тапсырмасын орындау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру тапсырмасын орындау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап берді.

Ол өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталып отырғанын атап өтті. Оның ішінде инвестициялық өсім 108,2% болғанын жеткізді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облысқа инвестиция тарту бойынша жүйелі" жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, биылғы жылдың 10 айында облыс экономикасына 804 миллиард теңге инвестиция құйылып, өсім 8,2 пайызға жетті. Жыл соңына дейін облысымызға рекордтық 1,1 триллион теңге инвестиция тарту жоспарлануда", - деді Асхат Шахаров.

Биыл облыста бірқатар маңызды әрі ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, ERG компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатында 1973 жылдан бері жинақталған шламды өңдеу зауыты. Жоба аймақтың экологиясына оң әсерін тигізеді. Фабриканың ашылуымен 270-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Ішкі нарықты қажетті мұнай жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырған жылжымалы бұрғылау қондырғыларын шығаратын жаңа зауытта 100 адам жұмыс істейді.

Ірі өнеркәсіптік өндірушілер – Ақтөбе мыс компаниясы, ERG, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ өз кәсіпорындарын жаңғыртуға 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Өңірді дамыту үшін маңызы зор, құны аз жобалар да бар. Оның ішінде Батыс Қазақстан өңірлерін жеммен қамтамасыз ете алатын құны 500 миллион теңгені құрайтын "Жаңа-Әлжан" ұн комбинатының жаңа цехы бар.

"Бұл жұмыс 2024 жылы жалғасады. Жалпы, алдағы 4 жылда жалпы құны 4,1 триллион теңгені құрайтын 51 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың қатарында ERG жел станциясы, никель-кобальт рудасын өңдеу зауыттары, алтын өңдеу зауыты және тағы басқалар бар. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе әуежайында мультимодальды орталық құру бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде", - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Асхат Шахаров әрбір инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдері өзінің жеке бақылауында екенін, өңірдің инвестициялық әлеуетін толық ашу үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer