Ақтөбе облысында Әкім іс басқармасының алтын жалатылған креслоға тапсырыс берген қызметкері жазаланатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметкер мемлекеттік сатып алулар сайтында алтын жалатылған детальдары бар креслоға тапсырыс берген. Жиһаздың құны - 630 мың теңге. Сонымен қатар, әрбірі 560 мың теңге тұратын екі кресло тапсырылған.

Ақтөбе облысы әкімдігіндегілердің айтуынша, бұл тапсырысты сайтқа жариялаған маманға цифрларда қате жібергені үшін қатаң сөгіс жарияланады. Меморгандағылар қызметкер Серік Тәйшеновтің креслолардың санын көрсету кезінде олардың бағасын өзгертпегенін айтты, осы себептен креслолар тым қымбат болып шыққан.
"Комиссия шешім қабылдайды. Қызметкерге міндетті түрде сөгіс жарияланады, тіпті жұмыстан шығаруға дейін баруы мүмкін. Бұл ең қатал жаза. Сөгістің жарияланатыны нақты", - деді басқарманың заңгері Бақытбек Ахметжанов.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алулар сайтындағы тапсырыс бүгін, 16 қыркүйекте алып тасталады. "Бұл процедура бір күнде жасала салатын іс емес", - деді ол.
Ақтөбе облысы әкімінің Іс басқармасының жетекшісіне арналған бір креслоның құны 630 мың теңге деп көрсетілген еді. Лоттың сипаттамасына қарағанда, кресло бұзау терісінен жасалуы тиіс әрі сапалы болуы керек, ал шеттері жезбен әспеттелуі тиіс екен. Сонымен қатар, әкімдік креслоның ою-өрнегі болғанын, алтын жалатылған жезден жасалғанын қалайды.