Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем​ Исаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем​ Исаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған.​

Реклама
Реклама

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек еткен.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында "Ақтөбе медициналық орталығын" басқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама