20 қаңтар 2014 14:54

Ақтөбе облысында 113 жолаушы құтқарылды

Марат Абилов©

Ақтөбе облысында жолда күртік қарға тұрып қалған 110-нан астам адам құтқарылды, бұл туралы Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Министрліктің мәліметінше, қаңтардың 18-і күні сағат 04.15-те Самара - Шымкент тас жолының 810-шақырымында бес жеңіл автокөлік тұрып қалған. Оларда 28 адам, оның ішінде екі бала болды. Зардап шеккендер жоқ. Жолда тұрып қалғандардың бәрі Ақтөбе қаласына жеткізілді. Дәл осы уақытта облыстың Қарғалы ауданында Ақтөбе - Ор автожолының 108-шақырымында қар құрсауында қалған 27 автокөлік пен 85 адам Әлімбет елді мекеніне жеткізілді. Жолаушылардың тоғызы - бала, зардап шеккендер жоқ. Олардың бәрі Әлімбеттегі орта мектептің ғимаратына жайғастырылды. "Облыс бойынша барлығы 113 адам құтқарылды, олардың 11-і бала, тұрып қалған техникалардың саны - 32, оның ішінде бір автобус бар", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында бір адамның далада үсіп өлгені хабарланған еді. 1967 жылғы азаматтың денесі Қарақасқа елді мекені маңынан табылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram