20 қаңтар 2014 14:40

Қарағанды облысының тұрғыны далада үсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tenginews.kz мұрағатынан Фото Tenginews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысының тұрғыны далада үсіп қалып, қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Қарағанды облысындағы Қарақасқа ауылына жақын маңнан 1967 жылы туған азаматтың мәйіті табылды. "Болжам бойынша оның өліміне үсіп қалуы себеп", - делінген министрліктің хабарламасында. Еске салайық, осыдан бір ай бұрын Қостанай облысында да бір адам далада үсіп қалған болатын. 53 жастағы ер адамның денесі Түнтүгір станциясына жақын маңнан табылған еді. Бұған дейін метеорологтер қаңтардың 18-20-сы күндері Қазақстанның көп бөлігінде боран болып, жолдарды қар басатынын ескерткен еді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде әдеттегіден 3-5 градусқа жоғарылайды, ал оңтүстік және оңтүстік-батыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын, әсіресе, қар жауып, жер көктайғақтанады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.


Қарағанды облысының тұрғыны далада үсіп қалып, қайтыс болды деп хабарлайды
Жалғасы
Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Қарағанды облысындағы Қарақасқа ауылына жақын маңнан 1967 жылы туған азаматтың мәйіті табылды. "Болжам бойынша оның өліміне үсіп қалуы себеп", - делінген министрліктің хабарламасында. Еске салайық, осыдан бір ай бұрын Қостанай облысында да бір адам далада үсіп қалған болатын. 53 жастағы ер адамның денесі Түнтүгір станциясына жақын маңнан табылған еді. Бұған дейін метеорологтер қаңтардың 18-20-сы күндері Қазақстанның көп бөлігінде боран болып, жолдарды қар басатынын ескерткен еді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде әдеттегіден 3-5 градусқа жоғарылайды, ал оңтүстік және оңтүстік-батыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын, әсіресе, қар жауып, жер көктайғақтанады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети