Ақтөбе облысында 17 ауыл жарықсыз отыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 17 ауыл жарықсыз отыр

Ақтөбе облысында 17 ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр. Апатты кеше кешке дейін жоямыз деп сендірген шенеуніктер жұмыс көлемінің тым көп екенін мойындап, үлгермей жатқандарын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, демалыс күндері өңірде боран соғып, термометрлер минус 10 градусқа дейін төмендеген. Осының салдарынан электр сымдары мұздап, тіректер құлаған.

Әкімдік облыстағы желілердің 74 пайызының тозығы жеткенін айтады. Ауа райы 40 елді мекенді электр қуатынсыз қалдырған, дәл қазір 17 ауылда әлі де қосылмай тұр.

"Хромтауда бүгін жарық қосылуы мүмкін. Жұмыс көлемі өте үлкен. Бригада физикалық тұрғыдан үлгермей жатыр. Мектептерде, ауруханаларда, барлық әлеуметтік нысандарда генераторлар бар", - дейді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрберген Бекеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети