Ақтөбе облысында 200-ге жуық көлік боранда жолда қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ақтөбе облысында 200-ге жуық көлік боранда жолда қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, көршілес Қызылорда мен Қостанай облыстарында жолдар жабылған.
Құтқарушылар ең алдымен адамдарды жақын маңдағы дәмханалар мен ауылдарға жеткізген. Жолда қалған 200-ден аса адамның 20-сы балалар екен. Жолды қардан аршуға төтеншеліктер мен "Қазавтожол" мекемесінің барлық техникасы жұмылдырылды. Үйілген қардан бөлек, жүргізушілердің қысқа қамданбауы да зардабын тигізіп жатыр. Олар жаздық дөңгелекпен жүр.
Осыған байланысты Төтенше жағдай қызметі әзірге Ақтөбеден Қостанай мен Қызылордаға қарай жолға шықпауды ескертеді.
"Жолаушылардың көлігі дайын емес. Қысқы дөңгелектерін салмаған. Және де жеңіл киінген. Біздің ескертуге құлақ салмай жолға шығып кеткен. Ол жақта қатты боран соғып тұр", - дейді Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы Нұрлыбек Айжарықов.