Ақтөбе облысында әкім әйелді ұрғаны үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында әкім әйелді ұрғаны үшін сотталды Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйелді ұрғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйелді ұрғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 39 жастағы шенеунік кабинетіне келген әйелді ұрған.

"Әйел әкіммен ұзақ уақыт жақын арақатынаста болғанын және сол күні жағдайды анықтау үшін барғанын айтқан. Бірақ әңгіме тез арада жанжалға ұласқан: әкім оны ұрып, тамағынан алған көрінеді. Осыдан кейін әйел дәрігерлерге, содан соң полицияға жүгінген", – деп хабарлады телеарна.

Сот оған айыппұл салып, моральдық залал үшін 100 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

Телеарна мәліметінше, Аққайыр кінәсін мойындамай, өзін қаралап жатқанын айтқан.

"Сотталушы өзін ақтауды сұрап, кінәсін мойындамады. Сот үкімімен сотталушы А. Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлігі ("Соққы беру") бойынша кінәлі деп танылып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 314 560 теңге болады", – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Жансая Таирова.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бес жыл бұрын Аққайыр елдегі үздік қала әкімдерінің бірі саналған. Енді ол соққы беру бабы бойынша сотталғанымен, қызметін әлі жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети