18 қыркүйек 2014 | 15:43

Ақтөбе облысында бес күннен соң АИ-92 жанармайы таусылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ақтөбе облысында АИ-92 маркалы жанармайдың қоры бес күннен соң таусылады, - Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Бағжан Тілегенов айтты. Қазақстан аймақтарындағы жанармай тапшылығы әлі күнге дейін шешілген жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында АИ-92 маркалы жанармайдың қоры бес күннен соң таусылады, - Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Бағжан Тілегенов айтты. Қазақстан аймақтарындағы жанармай тапшылығы әлі күнге дейін шешілген жоқ.

Ақтөбе облысында қазіргі уақытта 100 жанармай құю бекеті бар, олардың көбі облыс орталығында. "ҚазМұнайГаз", "Синойл", Helios сияқты станцияларда көлік отыны тек талондармен беріледі. Басқа бекеттерден АИ-92 маркалы жанармайды табу қиын. Кейбір автокөлік иелері жанармай тапшылығынан АИ-80 бензинін сатып алуға мәжбүр. Оның сапасының төмен екені белгілі.

Жергілікті билік өкілдері айдың соңына дейін аймаққа Ресейден 4000 тоннаға жуық жанармай әкелуге уәде беріп отыр. Оның өзі әрі кетсе, 10 күнге жетеді. Жергілікті жүргізушілер бензин тапшылығына байланысты жуық арада көліктерін сатуға немесе шағын литражды көлікке ауысуға мәжбүр болатынын айтады. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда тамыз айының соңынан бері жанармай тапшылығы байқалып отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, отын тапшылығының себептері: отандық мұнай өңдеу зауыттарының ішкі нарық сұранысын қанағаттандырмай отырғаны, Ресейде бағаның өсуі және оны сатып алу қазақстандық кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып отырғаны. Соған байланысты елде жанармай бағасын арттыруға шешім қабылданды. Тамыз айының соңында АИ-92 жанармайының бір литрі 115 теңгеден 128 теңгеге көтерілді. Бірақ жанармай тапшылығы мәселесі бәрібір шешілген жоқ. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети