23 желтоқсан 2015 | 13:05

Ақтөбе облысында диагноздың қате қойылуы салдарынан ұл бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24daily.net © 24daily.net

Ақтөбелік прокурорлар Алға ауданы дәрігерлерінің салғырттығы туралы айтып берді. Диагноздың дұрыс қойылмауы салдарынан 11 жастағы ұл бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік прокурорлар Алға ауданы дәрігерлерінің салғырттығы туралы айтып берді. Диагноздың дұрыс қойылмауы салдарынан 11 жастағы ұл бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық 1-прокуратура басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, бала емханаға барғанда оның дене қызуы аса жоғары болып, кеуде тұсы ауырған. "Дәрігерлер дене қызуының түсетінін айтып, оны үйіне қайтарған. Баланың жағдайы нашарлап, анасы оларға шағымданып, бізге келді. Кейін облыста оның ауыр дертке шалдыққаны анықталып, бала Астанаға жіберілді. Ұл балада аққандылық асқынған болып шықты. Диагноз Астанада қойылды. Ауруханаға барған сәттен қаза болғанға дейінгі аралықта жарты жыл өтті. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Мырзамұратов.

Сонымен қатар, Мұғалжар ауданының дәрігерлері сегіз балаға туберкулез жұқтырды деп айыпталып отыр. Олар орта мектептің тоғыз сынып оқушыларының біріне уақытылы диагноз қоймай, дерт өзге оқушыларға жұққан. Прокурорлар өткен жылға қарағанда биыл осындай оқиғалардың жиі тіркелгеннен айтты. 2013 жылы ақтөбелік дәрігерлердің кінәсінен 24 адам ауру жұқтырып, қайтыс болса, биыл 61 оқиға тіркелді.

Сонымен қатар, соңғы рет жүргізілген прокурорлық тексеру медициналық қызмет көрсету саласында құқық бұзушылықтың көп болғанын көрсетті. Қызметкерлер кепілдендірілген тегін медициналық көмекке кіретін қызметтерді көрсеткендері үшін ақша алған. Прокурорлар құқық бұзушылықтардың №3 қалалық емханада болғанын мәлімдеді, бұл жерде 49 дерек тіркелді. Тексеру барысында қарапайым құрылғылардың бірнеше миллион деп көрсетілгені және қайтыс болғандарды ем алды деп, қаржының бөлінгені анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети