Ақтөбе облысында он екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты: оқиға орны

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында он екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты: оқиға орны

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты болған орынның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты болған орынның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 23 қазанда Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, DAF маркалы жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жолаушылар отырған "ГАЗельмен" соқтығысқан. Қатты соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен он жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болғандар арасында балалар да бар.

Соқтығыстан кейін "ГАЗель" толығымен қирап қалған. Видеода көліктің орындықтары, жолаушылардың киімдері мен жеке заттары жол бойына шашылып жатқаны көрінеді. DAF көлігі де зақымданған, кабинасы сынып, тек тіркемесі ғана қалған.

Апат болған аймақ қоршауға алынып, көліктер қатар жатқан айналма жолдан өтіп жатыр.

Самара – Шымкент бағыты бойынша қозғалыс сағат 9:40-та тоқтатылып, 12:30-да жеңіл автокөліктер үшін қайта ашылған. Ал жүк көліктеріне жол әзірге жабық.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандардың қатарында 3 және 9 жастағы балалар бар. Тағы бір жасөспірім Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасымен оқиғаның себебін анықтау үшін вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ержан Саденов тергеуді жеке бақылауына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети