11 мамыр 2023 | 08:59

Ақтөбе облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап көз жұмды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 3 мамырда Шалқар қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласында болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті екі жасар баланы әжетханаға алты жасар баланың алып барғанын, олар әжетханаға барған уақытта қатты жел тұрып, әжетхана есігін тарс еткізіп жапқан кезде нәресте шұңқырға құлап кеткенін айтады.

Баланы үлкендер құтқарып, дәрігер шақырған. Бала санитарлық авиациямен ауруханаға жеткізілген, бірақ ол бірнеше күннен кейін қайтыс болған.

Дәрігерлер баланың ауыр жағдайда түскенін, оған аспирациялық пневмония және мидың ісінуі диагнозы қойылғанын айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Белгілі болғандай, оқиға кезінде сәбидің ата-анасы үйде болмаған. Анасы басқа баласымен ауруханада, әкесі жұмыста болып, бала ересек туыстарының бақылауында қалған.

Ата-анасына қатысты 141-бап "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети