Ақтөбе облысында есепшілер балабақшалардан 54 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында есепшілер балабақшалардан 54 миллион теңге жымқырған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтаған.

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған. Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабы 2 және 4-бөліктері ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру нәтижесінде, "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

"Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети