Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытында алапат өрт болды: зардап шеккендер бар

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытында алапат өрт болды: зардап шеккендер бар

Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауытындағы өрт 15 сағатқа жуық уақыт бойы сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауытындағы өрт 15 сағатқа жуық уақыт бойы сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты. 1 мамыр сағат 15:55 шамасында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенді. Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді. Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06.20-да толықтай сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети