Ақтөбе облысында жоғалған ер адам бір тәуліктен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жоғалған ер адам бір тәуліктен кейін табылды Видео кадры: ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері Ақтөбе облысында жоғалған адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ қызметкерлері Ақтөбе облысында жоғалған адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іздестіру-құтқару операциясы Ақтөбе облысының Алға ауданында жүргізілген.

Кеше таңертен 1969 жылы туған ер адам шаруашылық қожалығынан мал іздеуге шыққан. Кешке қарай құтқарушыларға алаңдаған туыстары хабарласып, ер адам үйге қайта келмегенін, онымен байланыс жоқ екенін жеткізген.

Іздеуге құтқарушылар екі жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен шыққан. Төрт сағат жол жүрген құтқарушылар ер адамды басқа шаруашылық қожалығы аумағынан тапты.

"Ер адам зардап шекпеген. Оның телефон қуаты отырып, қарда жүретін көлігі батып қалғандықтан, бірнеше шақырым жаяу жүріп шаруа қожалығына жеткен", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар ер адамды Көктоғай кентіне жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети