Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі мектеп директоры қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі мектеп директоры қаза тапты

Ақтөбе облысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза тапты. Тағы екі мектеп директоры аудандық ауруханада жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза тапты. Тағы екі мектеп директоры аудандық ауруханада жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, №20 мектеп директоры Бағдат Орынбаева мен № 33 мектеп директоры Альмира Орақова Ақтөбе-Ойыл тасжолында 19 маусымда болған жол апатынан қаза тапты. Тағы екі мектеп директоры - №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова және Жаңа орта мектептің директоры Ақгүл Қисықова Ойылдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.  

Педагогтердің әріптестерінің сөзінше, мектеп директорлары Ойыл ауданындағы қасиетті жерлерді аралап келуге кеткен. Қайтар кезде жол апаты болған.  

Бағдар Орынбаеваның артында 20 және 6 жастағы екі қызы қалды. Альмира Орақова тұрмысқа шықпаған, ағасымен және әкесімен тұрған. 

Фото: Ақтөбе облысының Полиция департаментінен 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети