Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұлық ауылының 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедев жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город" сайты.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұлық ауылының 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедев жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город" сайты.
Кәмелет жасқа келмеген Анатолий 1 қаңтарда сағат 4:30-да үйінен шығып, содан оралмаған. Полиция департаменті қазір оны іздестіріп жатыр.
Жасөспірімнің бойы - 170-175 сантиметр, шаштары қысқа әрі қара. Сұр түсті күртке, қара түсті джинсы киген. Қазір іздестіру шараларына полиция қызметкерлерінің бірнеше тобы, ауыл әкімдігі мен жергілікті тұрғындар қатысып жатыр.
Полиция жасөспірім туралы мәлімет білетіндерге 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.