16 сәуір 2015 21:31

Ақтөбе облысында оныншы сыныптың үш оқушысы бала босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Aktobetimes.kz ©Aktobetimes.kz

Ақтөбе облысында оныншы сыныптың үш оқушысы бала босанды. Біреуі Хромтаудан, екіншісі Шалқар қаласынан, ал үшіншісі Ақтөбенің оқушысы. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" газеті жазады.


Ақтөбе облысында оныншы сыныптың үш оқушысы бала босанды. Біреуі Хромтаудан, екіншісі Шалқар қаласынан, ал үшіншісі Ақтөбенің оқушысы. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" газеті жазады.

Басылымның мәліметінше, үш жас ананың біреуі ғана баласын перзентханадан алып кетуге келісім берген. Ал қалғандары өз сәбилерінен бас тартты.

"Хромтаудың әйелі өз қызының жүктілігін білген кезде аборт жасатуға кеш болды. Олар "Отбасыны жоспарлау орталығына" және Ақтөбедегі басқа да ұйымдарға хабарласты, бірақ оныншы сынып оқушысының үлкен мерзімдегі жүктілігін алып тастауға ешкім келісім бермеді. Баланы босанған оқушы қыз баладан бас тарту туралы құжат толтырып, Хромтауға оралды", - деп хабарлады басылымға "Аналар үйі" қоғамдық қорының директоры Таңсұлу Лакова.  

"Аналар үйінің" бұл оқиға жайлы білген өкілдері бала босанған қыздың анасымен кездесіп, немересін алып кетуге көндірді. Әйел отбасылық жағдайының нашар екенін, онсыз да үш баласының бар екенін айтқан. Бірақ жаңа туған сәбиді алуға келісім берді. "Әжесі немересін алған кезде оныншы сыныптың оқушысы қуаныштан жылады. Әжесі былай деді: "Көршілер мен таныстар не десе де өздері білсін, маған бәрібір!", - деп жазады газет.

Қалған екі әже психологтардың айтқан сөзіне қарамастан, перзентханадан немерелерін алып кетуден бас тартты. "Оныншы сынып оқушысының анасы өзінде бес баласының бар екенін және тағы да бір сәбиді тәрбиелей алмайтынын айтты", - дейді Таңсұлу Лакова. - Ақтөбелік оқушының шешесі қызының бұған дейін күйеусіз бір рет босанып қойғанын және отбасының қаржылай қиындық көріп жатқанын мәлімдеді. Кенже қыздың үлгерімі "өте жақсы". Шешесі немересінің қызының мансап құруына және өмірде қалыптасуына кедергі келтіреді деп есептейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети