Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысында Өзбекстан Республикасы азаматтары отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында Өзбекстан Республикасы азаматтары отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан.

Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.

"Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети