Ақтөбе облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: жүргізуші қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы теміржол өткелінде пойыз жеңіл көлік тиеген жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы теміржол өткелінде пойыз жеңіл көлік тиеген жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews оқырмандары редакцияға теміржол бойында болған апаттың видеосын жолдады. Видеода көлік тиеген жүк көлігінің рельске қалай тоқтағаны, сосын оны пойыз қағып кеткені көрсетілген.

Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелген. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жазық" теміржол өткелінде бірнеше жеңіл көлік тиеген жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп, пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети