Ақтөбе облысында салафизм ағымын ұстанатын 1565 адам бар - ҰҚКД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында салафизм ағымын ұстанатын 1565 адам бар - ҰҚКД © upi.com

Ақтөбе облысындағы салафиттердің саны - 1565, ал олардың 90-ға жуығы жиһадшы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Aktobe News. Бұл туралы облыстық ҰҚК басшысы Нұрлан Қадырбаев ҚР премьер-министріне антитерролық штабтың отырысында хабарлады. 

"Облыста болған терактіге адамдарды астыртын айдап салушыларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салафиттерді бақылауға көп күш кетеді. Өткен жылдан бері біз 32 салафиттің көзқарасын өзгерте алдық, алайда мұндай жұмыстарды жүргізу үшін сауатты дінтанушылар мен имамдар қажет. Жергілікті мамандарды дайындау керек", - деді Қадырбаев.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында 2015 жылдан бері ҰҚК қызметкерлері 14 радикалды топтың жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар, Қазақстан мен шет елдерде зорлық әрекеттерді жасауды жоспарлаған 36 адам қамауға алынды.

"Алдын алу әрекеттеріне мойынсұнбайтын адамдар мен қоғамға қарсы зорлық әрекеттерді ұйымдастырып жүргендерге біз күш қолданамыз", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети