24 қараша 2015 13:03

Ақтөбе облысында салафизмді жақтаушылар екі есе азайды - әкім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Aktobe.gov.kz © Aktobe.gov.kz

Ақтөбе обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев экстремизммен күрес жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев экстремизммен күрес жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде төрт ауданда экстремизммен байланысты мәселелер бар. Біз Темір ауданынан аймақтық терроризммен және экстремизммен күрес орталығын аштық. Ол жерде ҰҚҚ, прокуратура және басқа да ресми органдардың қызметкерлері жұмыс істейді. Олар жергілікті билікпен бірге осы мәселелермен айналысады", - деді Сапарбаев.

Облыс әкімі түсіндіру және насихаттау жұмыстарының жалғасатынын атап айтты. "Келесі - үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Бізде осы мәселелермен тұрақты түрде айналысып, халықпен кездесетін, проблемаларға сәйкес жұмыс істейтін осындай бірнеше ұйым бар. Нәтижесінде соңғы екі жылда салафизм жақтастарының саны шамамен екі есеге қысқарды. Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз", - деді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық терроризм мәселелері талқыланды. ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин әлемде жылына 13 мыңнан аса террорлық шабуыл жасалатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети