Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем беріледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Бұл үшін төтенше жағдайлар қызметінен анықтама алып, жұмыспен қамту орталықтарына өтініш қалдыру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Бұл үшін төтенше жағдайлар қызметінен анықтама алып, жұмыспен қамту орталықтарына өтініш қалдыру қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, берілетін қаражат көлемі өңір орталығы мен Әйтеке би ауданында тұратындар үшін 300 мың теңге, басқа аудан азаматтары үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Қолдау түрі бұған дейін мәслихаттарда қаралып, бекітілген.

Мамандардың айтуынша, біржолғы төлемді су тасқынынан келген шығынға қарастырылған өтемақымен шатастыруға болмайды.

"Бұл қаражатты алу үшін топан суға тап болған отбасылар, штабтың комиссиясы барып үйлердің жағдайын қарап, өздерінің қортындыларын шығарып, содан кейін сол қортынды негізінде жергілікті төтенше жағдайлар басқармасынан анықтамасын алып жұмыспен қамту орталықтарына барып өздерінің өтініштерін қалдыруға құқылы. Құжаттарды 8 күн ішінде қарап, 3 күн ішінде төлемін төлеп беретін болады", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети