Ақтөбе облысында сымдарға мұз қатып, ауылдар жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында сымдарға мұз қатып, ауылдар жарықсыз қалды Midjourney

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында электр желілерінің мұз болып қатып қалуы мен бағаналардың опырылуы салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында электр желілерінің мұз болып қатып қалуы мен бағаналардың опырылуы салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

5 қаңтарда Ащылысай мен Сабындыкөл ауылдарының аралығындағы аумақта 60 бағана, Құмсай мен Ақсу ауылдары арасында 16 бағана опырылып кеткен. Ауа райының әсерінен сымдардың мұз болып қатуы электр желілерінде зақымдануына әкелді. Мұздың салмағынан сымдар үзіліп, бағаналар құлаған.

сурет: "Диапазон"

Аудан әкімдігі хабарлағандай, жергілікті энергетиктер тәулік бойы жарықты қалпына келтіріп жатыр. Оларға ақтөбелік бригадалар көмекке жетті.

"Сымдардағы қатқан мұздың диаметрі 20 сантиметрге жетті. Оларды алып тастағанмен бәрібір қайта пайда болып жатыр. Жұрын, Қаракөл, Сабындыкөл, Ащысай ауылдарында кезекші жасақтар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Құмсай мен Ақсуда 5 қаңтар күні кешке жарық қосылды. Бұлақты, Миялыкөл, Ембі ауылдарында бригадалар әлі жұмыс істеп жатыр. Сабындыкөл және Ақсу ауылдарында жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр. Себебі ол жақта тіректер құлап, қажетті материалдар жеткізіліп қойған. 6 қаңтарда энергетиктер таңертең жұмысқа кіріседі", - деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

сурет: "Энергосистема" ЖШС

"Энергосистема" ЖШС мереке және демалыс күндері Ақтөбеде және одан тыс жерлерде ауа-райының қолайсыздығына байланысты аймақтарда электр қуатының үзілгенін, жөндеу жұмыстарына 70-тен астам бригада жұмылдырылғанын, 130 арнайы техника жөнелтілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети