Ақтөбе облысында тасжолды су шайып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында тасжолды су шайып кетті

Ақтөбе облысында еріген су жолдың бір бөлігі шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында еріген су жолдың бір бөлігі шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде сағат 17:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьға)" тасжолының 283-шақырымда, Жарлы кентінде еріген су қарқыны көбейіп, су өткізу құбыры шайылып кетті. 

"Эрозияның қайталануы - көп мөлшердегі еріген суға байланысты. Бұл учаске уақытша қалпына келтіріліп, бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 1.30-дан бастап көлік қозғалысына шектеу алып тасталды", - деді компания өкілдері.

Сурет: Telegram/Kozachkov offside

Бұл учаскеде қалпына келтіру жұмыстары басталған.

Сурет: "ҚазАвтоЖол"

Су тасқынына қатысты жағдайы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ерекше бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети