Ақтөбе облысының Қурайлы ауылында телемұнарадан секіріп кеткен Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаеваның жерлеу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының Қурайлы ауылында телемұнарадан секіріп кеткен Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаеваның жерлеу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті №59 орта мектеп өкілдерінің мәліметі бойынша, Әсел Дүйсенбаева мен Владимир Шустерді жерлеу рәсімі сағат 12:00-де басталған. Білім беру мекемесінің әкімшілігі жерлеуге кеткен.
Мұның алдында, Ақтөбе облысы Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетов телемұнарадан секіріп кеткен Әсел мен Владимирдің соңғы сәттері туралы айтып берген еді. Әкімнің айтуынша, қайғылы оқиғадан бұрын Телевизиялық мұнараға барлық атқару және құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Отбасылық жұп өздеріне ешкімді жақындатпаған, тіпті Әселдің анасын да. Суицид жасаған ерлі-зайыптының соңғы сәтте түсірілген видеосы жарияланды.
Еске салайық, оқиға 15 мамырда болған. Ерлі зайыпты телемұнараға шығып, секіріп кеткен. Олар оқиға орнында қаза тапты. Кейін ерлі-зайыптыға қатысты жантүршігерлік деректер анықталды. Өз кезегінде Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берген болатын.