01 мамыр 2024 | 09:58

Ақтөбе облысында төрт түлік шығыны өтеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысында тасқын су ағызып әкеткен төрт түліктің құны өтеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында тасқын су ағызып әкеткен төрт түліктің құны өтеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгінде 980 бас малға 152 млн теңге төленген. Жалпы өңірде үш мыңнан астам малдың қырылғаны белгілі. Табиғи апат салдарын жою мақсатында құрылған комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері мал шығынына өтемақы алудың алгоритмі бекітілгендігін мәлімдеді. Әрбір түлікке жас ерекшелігіне қарай нарықтағы құны облыстық бюджет есебінен төленеді.

"Ең бірінші малдың өлексесі болуы керек. Құлағында сырғасы болуы керек. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы базасында тіркелуде тұруы керек. Екінші, сырғасы болмаса да бірақ ауылшаруашылығы базасында тіркеуде болуы керек. Сол жағдайда ғана бюджеттік қаражаттар төленіп жатыр аудандық комиссиямен.

Ал басқа да жоғалып кеткен фактілер бар. Ол бойынша қазіргі таңда комиссия өз жұмыстарын жалғастырып жатыр", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Өтешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети