Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза болды hdpic.club

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты. 48 жастағы азаматты жүк таситын техника басып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты. 48 жастағы азаматты жүк таситын техника басып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға болған шахта АltynEx Company кәсіпорнына қарайды. Қазір Мұғалжар ауданындағы кен орнында тексеру жүріп жатыр. Еңбек инспекторларының айтуынша, электр маманы шахтадағы желдеткіш жанында кабель жөндеп жатқан. Жүк көлігінің келіп қалғанын аңғармаған. Ал ауыр техника тізгініндегі жүргізуші де жолындағы адамды байқамаған.

Бұл оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

"48 жастағы электрик инженер болып істейді екен. Жөндеу жүргізіп жатқанда осындай жағдай болып отыр. Жүк көлігі басып кеткен. Тергеп-тексеру жан-жақты жүріп жатыр", - дейді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети