Ақтөбе облысындағы бұзылған бөгет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы бұзылған бөгет көрсетілді Фото:primeminister.kz

Ақтөбе облысына сапары барысында премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов еріген су салдарына бұзылған бөгетті көрді. Бөгеттің суреті премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олжас Бектенов көлемі 15,8 миллион м3 болатын Мағаджан бөгетін аралап көрді, онда қарғын су ағыны салдарынан Мағаджан су қоймасының бөгеті бұзылған. Ол 1985 жылы пайдалануға берілген. Гидротехникалық құрылыс жекеменшік "Тұлпар" ЖШС компаниясының иелігінде. Қызылту ауылынан 25 адам, Табантал қыстағынан 11 адам эвакуацияланды.

"Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген. Қазір өзендердің көпшілігінде су арнасынан асып кеткелі тұр. Өңірде 792 үй су астында қалды. Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 3140 адам, 664 техника жұмылдырылды. Барлығы 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети