05 ақпан 2021 09:04

Ақтөбе облысының 16 жастағы тұрғыны оны полицей зорлағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәбірленуші. Видео кадры Жәбірленуші. Видео кадры

Ақтөбе облысының 16 жастағы тұрғыны Вера Платынюк видеоүндеу жасап, оны үш жыл бұрын Петропавловка аудандық бөлімшесінің полицейі бірнеше рет зорлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының 16 жастағы тұрғыны Вера Платынюк видеоүндеу жасап, оны үш жыл бұрын Петропавловка аудандық бөлімшесінің полицейі бірнеше рет зорлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нәтижесінде оның аяғы ауыр болып, аборт жасатқан. Бірақ, оның сөзінше, Вера жалған анықтама бергендіктен темір тордың ар жағына жазықсыз ер адам отырғызылған. Ер адам 10 жылға сотталып кеткен. 

Qumash Telegram-арнасының мәліметінше, оқиғаға қатысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті түсініктеме берген. Ведомство өкілдерінің сөзінше, "барлық дерек, куәгерлердің айғағы мен жасалған сараптама бойынша сотталған адамның кінәсі дәлелденген". 

Telegram-арна авторлары жәбірленушімен байланысқа шықты. Ол аборт жасағаннан кейін сегіз ай кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болғанын айтқан. Бұл уақыт аралығында ол екі рет психиатриялық ауруханада жатып шыққан. Артынша Вера балалар үйіне түскен. Бүгінде ол колледжде оқып жатыр, жатақханада тұрады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети