Ақтөбе облысының әкімі жалпықалалық ағаш отырғызу акциясына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі жалпықалалық ағаш отырғызу акциясына қатысты

Бүгін, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Жасыл ел" еңбек жасағы ұйымдастырған "Менің атаулы ағашым" жалпықалалық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Жасыл ел" еңбек жасағы ұйымдастырған "Менің атаулы ағашым" жалпықалалық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысының қатысуымен Орталық саябақта ағаш пен бұтаның бірнеше түрі отырғызылды.

Ақтөбеде өткен акция аясында 2,5 мың түп тал көшеттері егілді. Жалпы облыс елдімекендерін абаттандыру мақсатында жыл соңына дейін 100 мың түп ағаш отырғызылады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысып жатқандығын және бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайтынын айтты. Осы орайда, сіз бен біз, қала тұрғындары, оның ішінде жастар экологияны жақсарту жағына жұмыстануымыз қажет. Экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады", - деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі "Жасыл ел" бағдарламасының маңыздылығын сөз етті.

18 жыл ішінде өңірімізде "Жасыл ел" еңбек жасағының құрамында 64 мыңнан астам жастар еңбек еткен. Олар облыс бойынша 3 миллион түп тал көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар, "Жасыл ел" жасағының сарбаздары облыс көлеміндегі кең ауқымды экологиялық акциялар мен сенбіліктерге, қоғамдық пайдалы іс-шараларға белсене қатысып, көпке үлгі көрсетіп жүр.

Ералы Тоғжанов өңірде "Жасыл ел" еңбек жасағын қолдау шаралары күшейтілетінін алға тартты. Дәлірек айтсақ, жаңа еңбек маусымында жұмысшы жастарды тасымалдау, сонымен қатар, жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Ақтөбе облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети