Ақтөбе облысының әкімі қытайлықтарға жер сатты деп айыптаған адамды сотқа бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі қытайлықтарға жер сатты деп айыптаған адамды сотқа бермек © top-news.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысында әкім болып тұрған кезінде қытайлықтарға жер сатты деп әлеуметтік желіде ақпарат таратқан азаматты сотқа беретіндігін мәлімдеді. Соның ішінде видеода Айдын Егеубаев есімді азамат ШҚО-ның Үржар ауданында 87 мың гектар жер сатылғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

4-ші минуттан бастап көріңіз

"ШҚО-да бірде-бір гектар жер сатылған жоқ. Мен көп ойландым және оны сотқа берейін деп шештім. Мен елімнің азаматы ретінде оның үстінен арыз жазамын. Олай айту үшін дәйектер мен шешімдер болуы тиіс. Ол жерлер сол ауданның кәсіпкерлеріне сатылған", - деді әкім.

Сондай-ақ оның айтуынша, жақын уақытта ШҚО ресми хабарлама алған. Онда әкімдіктің бір гектардың да ҚХР азаматтарына сатылмағандығын дәлелдейді. 

Сапарбаев қауесет таратушыдан моральдық нұқсан келтіргені үшін ақша өндіріп, сол ақшаны балалар үйіне жіберетіндігін айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети