Ақтөбе облысының әкімі өңірде тозған бірқатар мектептің бар екенін анықтады, олар бір ғасырға жуық уақыт бұрын тұрғызылған, - деп жазады "Диапазон". Мәслихат жиналысында Бердібек Сапарбаев үкіметпен жұмыс істеп, бұл мәселені шешетінін мәлімдеді.

Облыс басшысы өңірдегі мәдениет, спорт пен білім беру саласының даму деңгейіне көңілінің толмайтынын жеткізді. "Мәдениет, спорт пен білім берудің жағдайы масқара, әсіресе ауылда. Облыста саманнан тұрғызылған - 47, ағаштан - 12 және қамыстан салынған 8 мектеп бар. 30-40 жылдары тұрғызылған мектептер бар, ол жерде қалай білім алып, нәтиженің қандай болатынын өздеріңіз де түсінесіздер. Біз бұл мәселені шешу үшін үкіметпен жұмыс істейтін боламыз", - деді Сапарбаев.
Жалпы, әкім өңірдегі экономикалық өсім қарқынын сақтап қалудың маңызды екенін айтты. "Мен 10 ауданды аралап шықтым, ірі өнеркәсіптік, мұнай компанияларында болып, ненің не екенін және қалай екенін көрдім. Ең басты мақсат - жұмыс орындарын сақтап қалу және жалақы бойынша қарызға жол бермеу. Прокуратура және ІІМ қызметкерлерінен арнайы жұмыс тобы құрылды, ол топ жалақының уақытылы төленуін бақылайды", - деді өңір басшысы.