Ақтөбе облысының әкімі отставкаға кетуі туралы петицияға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі отставкаға кетуі туралы петицияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі отставкаға кетуі туралы петицияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Журналистер Оңдасын Оразалинмен кездесу кезінде отставкаға кетуі туралы петицияға қол жиналып жатқанына қалай қарайтынын сұрады.

"Егер билікті шабуылдар арқылы бұзу мүмкін болмаса, адамдар оған ақпараттық шабуыл жасауға тырысады. Петицияға қол қою - біз одан өткенбіз. Тіпті Астанаға барғандар да болды, бірақ кадрлық шешімдерді Мемлекет басшысы қабылдайды. Мен бұл қызметте ол қаншалықты қажет деп санаса, сонша уақыт боламын", - деді Оразалин.

Оңдасын Оразалин әкімнің отставкаға кетуі туралы петицияны ойын деп атады. Оның пікірінше, Бестамақтағы шошқа базасының жұмысшылары әкім отставкаға кеткенін қалайды.

Айта кетейік, бір жылдан аса уақыт бұрын кент тұрғындары облыс басшысынан туындаған мәселелерді шешуге көмек сұраған - кәсіпорын түрлі экологиялық норманы бұзған, іс сотқа өтіп, миллиардтаған айыппұл салынған. Кәсіпорын мүлкі, оның ішінде жануарлар да тәркіленген, былтыр желтоқсанда олар сатыла бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети