Ақтөбе облысы Қобда ауылында 8 маусым күні лаңкестік әрекет жасады деген күдіктілердің бірі ұсталған еді. Бұл туралы ауыл тұрғыны Aktobenews.kz басылымына берген сұхбатында айтып берді.
Ақтөбе облысы Қобда ауылында 8 маусым күні лаңкестік әрекет жасады деген күдіктілердің бірі ұсталған еді. Бұл туралы ауыл тұрғыны Aktobenews.kz басылымына берген сұхбатында айтып берді.
Қобдалық Жантас Сүндетов өз қора-жайында лаңкестің жасырынып отырғанын сезбеген екен.
Айта кетейік, 8 маусымда Қобда ауылында күдіктілердің бірі ұсталған еді. Полицейлер оны мына мекен-жайдағы қорадан тауып алды: Білтабанов көшесі, 60, ол қора ауылдың жергілікті тұрғыны Жантас Сүндетовтікі. Алайда, тұрғын сарайда кімнің жасырынып отырғанын білмепті.
"7 маусымда біздің үйге танысымыз Гүлім қызымен келді. Олар бұрын Қобда ауылында тұрды, ол менің әйеліммен бірге жұмыс істейді. 2012 жылы Ақтөбеге көшіп кетті. Гүлім былай деді: "Біз қайта Қобдаға көшеміз. Жалдайтын пәтер іздеп жатырмыз. Бүгін сендерде түнесем бола ма?", - деп бастады әңгімесін ауыл тұрғыны Жантас Сүндетов.
Оның айтуынша, танысын "үйге кіргізіп, дастархан жайып, төсек салып бердік", ал таңертең үйге полицейлер келді. "Олар бізді оятып, бөлімшеге алып кетті, қорада жасырынған адам туралы сұрай бастады, ал мен ол адамды көрген де емеспін. Мен ол адамның Гүлімнің қызының күйеуі екенін және оның менің қорама жасырын түрде кіріп, онда түнегенін қайдан білейін? Олар Қобдаға жасырын түрде келген, кездескен адамның үйінде түнеген. Егер мен олардың бұл ісін білгенде, оларды үйге кіргізбес едім", - деді ол.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға оларды шошытты. Сүндетовтің қызы осы күнге дейін тыныш ұйықтай алмай жатыр. "Біз қазақпыз ғой, қонақты кіргіздік, тамақтандырдық, енді осыдан кейін адамдарға қалай сенуге болады?" - деді отағасы.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.