06 маусым 2016 14:29

Ақтөбе орталығында бірнеше дүкен мен банк жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobe.gov.kz © aktobe.gov.kz

Ақтөбе орталығында бірнеше дүкен мен банк жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе орталығында бірнеше дүкен мен банк жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаланың орталығында Әбілхайыр хан даңғылының бойында орналасқан Казкоммерцбанк, Каспи банк және АТФ банктің бөлімшелері жабық тұр. Сонымен қатар "Айна" сауда орталығын жұмыс істеп тұрған жоқ. "Анвар" супермаркетінің есіктері де құлыптаулы. Дүкеннің кіреберісіндегі есікте тазалық күні жайлы жазылған қағаз ілінген. Кейбір банкоматтар мен айырбас пункттері де істемейді. Ал кейбір дүкендер қала орталығында жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети