Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы 30 жастағы әйелдің босанғаннан кейін қайтыс болуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы 30 жастағы әйелдің босанғаннан кейін қайтыс болуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдын ала қорытынды бойынша әйел өліміне пневмоторакс және босанғаннан кейінгі қан кетуден пайда болған жіті гипоксия салдарынан жіті жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болған", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Қазіргі уақытта нақты себебін анықтау үшін патологиялық-анатомиялық зерттеу жалғасып жатыр.
"Бірқатар гистология зерттеуі жүргізіліп, құрмына Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері кірген комиссия құрылады. Облыстық перинаталдық орталық директоры қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.
Бұған дейін 17 мамырда Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта әйел босанып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болғаны хабарланған еді. Туыстарының айтуынша, бес сағат ота жасалған. Олар дәрігерлерді немқұрайды қарады деп айыптап, Аймираның өлімінің мән-жайы туралы бүкіл шындықты сот арқылы анықтауға ниетті екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!