Ақтөбе іргесінде екі оқушы мен мектеп түлегі суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе іргесінде екі оқушы мен мектеп түлегі суға батып кетті Фото:depositphotos.com

Ақтөбе іргесіндегі Кирпичныйдағы саяжай аумағында екі қайғылы оқиға болды. Екі студент пен мектеп түлегі жергілікті Қарағала өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе іргесіндегі Кирпичныйдағы саяжай аумағында екі қайғылы оқиға болды. Екі студент пен мектеп түлегі жергілікті Қарағала өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Бір топ студенттер демалу үшін өзенге барған. Арада біраз уақыт өткен соң екі жігіт суға батып кетті. Олардың бірінің мәйітін бірден табу мүмкін болмады.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті бірінші жігіттің денесі 13:58-де судан шығарылғанымен, екіншісі табылмағанын хабарлады. Туыстары оны түнгі сағат 03:20-да судан алып шыққан.

Олар Батыс Қазақстан медицина университетінің 4-курс студенттері екені белгілі болды.

Рафхат Қайыржанов 18 мамырда 21 жасқа, ал досы Елназ Жолан 1 мамырда 21 жасқа толған. Рафхат Батыс Қазақстан облысынан, Елназ Ырғыз ауданынан оқуға келген. Университетте үш күндік қаралы күн жарияланды.

Басылымның мәліметінше, 17 жастағы мектеп түлегі бір күн бұрын сол жерде суға батып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети