07 қыркүйек 2021 08:55

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары жарылғыш зат сақталған қойманы көшіруді талап етті

Фото: КТК сюжетінен скриншот Фото: КТК сюжетінен скриншот

Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары жарылғыш зат сақталған қойманы көшіруді талап етті. Себебі қауіпті аймақ үйлеріне қол созым жерде орналасқан. Тұрғындар Жамбылдағыдай жағдай қайталанса, түгіміз қалмайды деп үрейленіп отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары жарылғыш зат сақталған қойманы көшіруді талап етті. Себебі қауіпті аймақ үйлеріне қол созым жерде орналасқан. Тұрғындар Жамбылдағыдай жағдай қайталанса, түгіміз қалмайды деп үрейленіп отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, құзырлы орган өкілдері қоймалардан еш қауіп жоғын айтқан. Бірақ ол жерде жарылғыш заттың барын жасырмайды. Ал қауіпті аймақ пен ауыл арасы небәрі 150-200 метр.

"Үрейдеміз. Арыста, Таразда болған оқиға тағы қайталанса, сан соғып қаламыз. Ішінде бұрыннан қалған жарылғыш заттар болуы мүмкін. Тротил болса, соның өзі де жетеді. Ол мерзімі өткеннен кейін өзінен-өзі от алып атылады", - дейді Ақжар ауылының тұрғыны Жәрдем Қазтуғанов.  

Тұрғындар үйлерінің іргесінде жарылғыш заттың сақталғанын қаламайды. Сондықтан тексеріп қана қоймай, қойманы толық көшірсін деп талап қойып отыр.

Тікенек сыммен қоршалған аумақ Ақжар ауылының іргесіне тиіп тұр. Қоршаудан ары қарай өту қауіпті екені туралы әр жерге ескерту тақшайлары ілінген. Ал аймақ "Казпромгеофизика" АҚ-на тиесілі.

Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, қоймаға былтыр тексеру жүргізілген. Қоймада әскери оқ-дәрі емес, өндірістік жарылғыш зат сақталады екен. Оны мұнай-газ кен орындарына қолданады.

"Бұл қорғаныс министрлігіне қарайтын нысан емес. Бір зарядтың көлемі екі жарым тонна болса да, ауылға қауіп төндірмейді. Күзеті бар. Қауіпсіздік шараларын сақтаса, еш қауіп болмайды. Мұнда өндірістік жарылғыш заттар ғана бар", - дейді Ақтөбе облысы өндірістік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Самат Тәждәулетов.  

Қойма 1960 жылдан бері бар. Кезінде қауіпсіздік комитетіндегілер әкімдікке бұл маңнан үй салуға ешқандай жер бермеу туралы өтініш те айтқан екен. Бірақ оны ешкім елемеген. Ал енді қойманы көшіру туралы шешім қабылдауға ойланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети