Ақтөбе тұрғындары даладағы жағымсыз иіске шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғындары даладағы жағымсыз иіске шағымданды Recraft.ai / diapazon.kz

Ақтөбеліктер қаланы жайлаған сасық иіске шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеліктер қаланы жайлаған сасық иіске шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" мәліметіне сілтеме жасап.

Жағымсыз иіс бірқатар аудандарда сезілген.

"Ауамен тыныстау мүмкін емес! Балалармен үйге жүгіріп кірдік, терезелерді жауып, желдеткіш қостық, – деп шағымданды Ақтөбе тұрғыны Алтынай. – Бұл қалыпты жағдай ма? Экологтарымыз жұмыс істей ме өзі?"

"Кешке ұшқыштар училищесінің жанынан өтіп бара жатқанда, сондай сасық иіс шықты, жүрек айниды! Қасымыздан велосипедпен балалар өтіп бара жатты, біреуі мұрнын киімімен жауып алыпты. Қалада не болып жатыр?" – дейді ақтөбелік Сәния.

Адамдар жағымсыз иіске шағымданып жатқанына қарамастан, экологтар оның ошағын әлі таба алмаған.

"Кеше инспекторлар әкімдікпен бірге тексеруге шықты. Бірақ әзірге иістің көзі анықталған жоқ. Иіс бар, біз де сезіп отырмыз, алайда құралдар күкіртті сутек, азот, күкірт диоксиді бойынша артық мөлшерді тіркеген жоқ", – деді Экология департаменті басшысының орынбасары Талап Уснадин.

Ақтөбе облысының Экология департаментінің инспекторлары кешке қарай қала бойынша қайта рейд жүргізуге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети