03 қараша 2021 | 09:50

Ақтөбе тұрғындары қоқыс өртенсе, жарылыс болады деп шошып отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pixabay сайтынан RitaE суреті Pixabay сайтынан RitaE суреті

Ақтөбелік көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары газ құбырының үстінде орналасқан қоқыс контейнерлері жарылысқа әкелуі мүмкін деп шошып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбелік көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары газ құбырының үстінде орналасқан қоқыс контейнерлері жарылысқа әкелуі мүмкін деп шошып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер тоқсаныншы жылдары қойылған, ал оның астында коммуникация желілері қалғанын ешкім ескермеген. Әрі жол бойы болғандықтан, өткен-кеткеннің бәрі қоқысын осында тастап кетеді, дейді жұрт. Үнемі тау болып үйіліп жататын қоқыстан шаршаған олар әкімдікке бес жыл шағымданып, әрең дегенде қоқыс алаңын басқа жерге көшіртіпті. Бірақ енді оны бұрынғы орнына қайтадан қоймақшы көрінеді.   

"Мына жерден газ құбыры өтеді. Жаздыгүні кейде қоқысты жағып жібереді. Ертең атылса, кім жауап береді?", - дейді тұрғындардың бірі Қадырбек Әлтаев. 

Тұрғындар жер астында бірнеше инженерлік желілер бар екенін айтты. Объектілердің олардан орналасуына тыйым салатын күзет аймағы екі метрден жеті метрге дейінгі радиусты алуы тиіс.

Әкімдікте қоқыс алаңы, шынымен ескі орнына қайтарылатыны расталды. Шенеуніктер контейнерлердің газ құбырында тұрғанын біледі, бірақ олар ешқандай қауіп төндірмейді деп сендірді.

"Жарылысқа ешқандай қауіп жоқ! Бізде газ мекемесінің күзетілетін аймақта 2 метр жерде газ құбыры өтіп жатыр деген хаты бар. Біз сол кісілермен ақылдасып жатырмыз. Егер салуға рұқсат берсе, жаңадан сол жерге қоқыс алаңын көтеретін боламыз. Рұқсат бермесе, басқа шешім қабылдаймыз", – дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Қоқыс алаңы барлық инженерлік желілермен келіскеннен кейін ғана қайтарылатынын айтты жергілікті әкімдік. Сонымен қатар, нысанды қоршаумен қоршап, қамал орнату жоспарланып отыр. Шенеуніктердің пікірінше, бұл өрт қоюды болдырмауға көмектеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети