Ақтөбе тұрғындары үш күнде бір рет қана дүкенге бара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғындары үш күнде бір рет қана дүкенге бара алады

Ақтөбеде карантин шаралары күшейді. Енді отбасының бір мүшесіне азық-түлік дүкендеріне 3 күнде 1 рет қана баруына рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде карантин шаралары күшейді. Енді отбасының бір мүшесіне азық-түлік дүкендеріне 3 күнде 1 рет қана баруына рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Карантин кезінде қала көшелерінде себепсіз жүрген ақтөбеліктер мен олардың балаларына қатысты полиция қолданатын шаралар күшейді. Жеке азаматтардың жауапсыздығы олардың жақындары мен айналасындағылардың вирус жұқтыруына әкеп соқты, ал енді қаланың әрбір тұрғынына қауіп төнеді. Сондықтан инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі күшейтіліп, қатаң шектеу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, жақын маңдағы дүкендер мен супермаркеттерге тек бір отбасы мүшесіне 3 күнде 1 рет баруға рұқсат етіледі. Жұмыс орны мен кестесі көрсетілген анықтамасы бар адамдарды қоспағанда, жеке автокөлікті қолдануға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, көптеген аула және көшелерде полицейлер кәмелетке толмаған  балалардың себепсіз далада жүргенін анықтаған.

"Мысалы, кеше Ақтөбеде спорт алаңында жиналған 10 жігіт ұсталды. Кәмелетке толмағандар далада, әсіресе ата-анасы жанында жоқ болса жүрмеуі тиіс. Аталған шаралар күшейеді, біз ескертулерді аяқтаймыз, тәртіп бұзушыларды жауапқа тартамыз", - деді облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Облыста ТЖ режимін бұзған 620-дан аса дерек анықталған, 150-ден астам адам қамауға алынды, 200 адамға айыппұл салынды, қалғандарына ескерту айтылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети