11 қыркүйек 2023 10:32

Ақтөбе тұрғыны қаладағы жалғыз жағалаудың жай-күйіне наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Ақтөбе қаласының тұрғыны қала әкіміне жергілікті жағалауда көбірек серуендеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе қаласының тұрғыны қала әкіміне жергілікті жағалауда көбірек серуендеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамдыі айтуынша, жергілікті шенеуніктер қала көшелерін жиі аралап, жағдайын көрсе көп нәрсені көрер еді. Атап айтқанда, қала тұрғынының өзі орталық даңғыл бойымен жүріп, жағалаудың жай-күйіне наразы болды.

"Бұл не? Жағалау тесік-тесік. Біздің шенеуніктер қаланы қашан аралай бастайды? Қоршаулар қисық, тот басқан. Біз не үшін салық төлейміз? Баламызның шұңқырға түсіп кетуі үшін бе? Барлығы тот басқан, бүгілген, төсеніш құлап жатыр. Мен бұл қалада не дұрыс емес екенін білмеймін", - деді Ақтөбе тұрғыны редакцияға жіберген видеосында.

Қаланың ТКС бөлімі тілшінің сұрауына келер екі жылда ешқандай өзгеріс күтілмейтінін айтты.

"Көпір құрылысы бойынша бізде техникалық тексеру жүргізу жоспарланған. Қажетті жұмыс түрлері анықталғаннан кейін тиісті құжаттама әзірленеді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қаржы қаражаты сұратылады. Аталған іс-шараларды іске асырудың болжамды мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған", - деді Ақтөбе ТКС, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Әл-Фараби Садықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети