Ақтөбе тұрғынын найзағай соғып, қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғынын найзағай соғып, қаза тапты Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде ер адамға найзағай түсіп, салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ер адамға найзағай түсіп, салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 8 тамызда сағат 17:00 шамасында болған. Жедел жәрдем станциясына ферроқорытпа зауытынан қоңырау түскен, онда зауыт ауласына найзағай түскені айтылған.

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері шамамен 35 жастағы ер адамның жатқанын көрген.

Жұмысшылардың айтуынша, ер адам кешкі астан кейін далаға шыққан. Әріптестері терезеден ер адамды найзағай соққанын көрген.

Дәрігерлердің айтуынша, найзағай соққаннан ауыр жарақат алғанер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Кейінірек ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі ер адам зауыт қызметкері емес екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети