Ақтөбе тұрғынының бүйрегін рұқсатсыз кесіп алу дерегі бойынша тергеу басталды

20 Маусым 2017, 13:40
0
Ақтөбе тұрғынының бүйрегін рұқсатсыз кесіп алу дерегі бойынша тергеу басталды -

Ақтөбе облыстық прокуратурасы Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің уәкілетті органы Серікболсын Көшербайға қатысты тексеріс жұмыстарын бастады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратура аппаратының басшысы Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 315-бабы бойынша ("Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тексеріс аясында трансплантацияның барлық мән-жайы анықталатын болады. 

"Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық ІІД Байғанин аудандық ІІБ ерікболсын Көшербайдың денсаулығына ауыр деңгейдегі зақымның тиюіне қатысты жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күлікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеріс пен сотқа дейінгі өндіріс прокуратура бақылауында", - деді Жасұлан Дәулембаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің қос бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз кесіп алғаны хабарланған болатын. Төбелестен басынан соққы алған 22 жастағы Серікболсын Көшербай осыдан екі апта бұрын есін жимастан ауруханада көз жұмған. Ол облыс орталығына Байғанин ауданынан жеткізілген екен. Дегенмен, еш қайран болмапты. Кейін қыршынның қазасына қайғырған жақындарына мәйітхана қызметкерлері жеткізген хабар төбелерінен жай түсіргендей болды.

Дәрігерлер Серікболсын ес-түссіз ауруханада жатқан кезінде миының өлгенін туыстарына айтқан екен. Бірақ оны апараттан ажыратарда ағзасын біреуге беретіндері туралы ауыз ашпапты. Сондықтан адвокаттар да мұны өрескел заңбұзушылық деп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай